АҚПАРАТ

Іңкәр ханым кім?

Іңкәр ханым - адам аурасын тазартушы емші, эзотерик және көріпкел. Емшілік және көріпкелдік қасиет әжесінен тікелей берілген. Іңкәр ханы  Азербайжанның Баку қаласында өмірге келген. Әжесі өз заманында талай адамға ем жасаған. Іңкәр ханы  сол әжесінің тәрбиесін алып, батасын алған. Ондаған жыл бойы емшілік пен жеке кәсібін (құрылыс саласында) қатар алып келе жатыр. 

 

Жалпы Іңкәр ханым қалай қызмет көрсетеді?

Диагностика және дуа кетіру, қарғыс, аура тазалау емдері ОНЛАЙН өтеді. Топтық тазару жабық инстаграм арқылы өтсе, жеке тазару емі тікелей видео байланыс арқылы өтеді. Ал диагностика Сіздің жаңа суретіңіз арқылы жасалады. 

 

Диагностика деген не? Пал ашу ма?

Жоқ, диагностика пал ашу, болашаққа болжам жасау емес! Диагностика "диагноз" қою деген сөз сияқты, Сіздің аураңыз таза ма? Дуа, қарғыс, тіл көз, жаман энергия бар/жоғын анықтап, жалпы денсаулық жағдайыңыз туралы айту. Мұның пал ашу мен болжам жасауға мүлде қатысы жоқ. Іңкәр ханым пал ашпайды!

 

Адам аурасын жақсартуға бола ма?

Әрине, адам бойындағы энергия, вибрация (толқындар) болады. Егер адам өз бойына теріс, жаман энергияны жинай берсе, оның жанындағы адамдар одан алыстап, қашқақтап, тіпті араласпай кетуі мүмкін. Одан бөлек, адам аурасында тікелей жасалған күшті негатив болса және жаман энергия көбейсе, адамның жолы жабылып, өмірінде сәтсіздіктер көбейе береді. Көп жағдайда адам мұндай проблемаларды өзіне өзі жасайды. Жаман эмоциясы әрқашан жаман энергия береді. Ал жаман энергия Сізді жақсылыққа жетелей ме?

 

Дуаның, қарғыстың, тіл көздің белгілері қандай?

Мұның бәрі ең бірінші кезекте теріс энергияның көзі. Дуаланған немесе қарғыс алған адамның аура қабатында қара дақ секілді теріс бағдарламалар орнайды. Мысалы, адамға қарғыс айтса, оның белгілі бір жеріне, нақты өмірлік саласына айтады. Мысал: ақшаң судай ақсын, бұл өмірдің қызығын көрме деген сияқты өте ауыр қарғыстар айтылса, адам дәл сол жағдайға душар болуы мүмкін. Дуа да сондай жаман энергия. Ол да нақты адамның бір өмірлік саласына жасалады. мысалы, денсаулығына, отбасына, жұмысына немесе бизнесіне. Егер адам сақтанып жүрмес, нақтырақ айтқанда, өз аурасын тазартып, эмоциясын реттеп отырмаса, бұл теріс бағдарламалар адамға белгілі бір деңгейде әсер етуі мүмкін. 

Әсер еткенде, аяқ асты жағдайы нашарлап, ақшаға дуа жасалса, жұмысы оңбай, қарыздан қарызға кіріп, қолына ақша түспей, қаржы жағынан қысылуы мүмкін. Ал жеке өміріне дуа жасалса, отбасында ұрыс орнап немесе отбасын құра алмай, жалғыз қалуы мүмкін. 

Тіл-көз адамға біреудің тілі, көзі арқылы өтеді. Көбінесе адамға біреу таң қалса, қызғанышпен қарап, біліп білмей тіл-көзін өткізуі мүмкін. Әдетте адам бұдан кейін лезде ауырып, ісі оңға баспай, шаруалары түсініксіз жағдайда кері кетуі мүмкін. Көп жағдайда қарғыс, дуа мен тіл-көздің белгілері қатты ұқсас болып келеді. Сирек жағдайда тіл-көз тиген адамға көз сияқты жара шығуы мүмкін.  Егер осындай белгілерді өз бойыңыздан байқасаңыз, Іңкәр ханымның ДИАГНОСТИКАсынан өтуге болады. Диагностикада бойыңызда, аура қабатыңызда нендей негатив бар екені анықталады. 

 

ТАЗАРУ емі қандай нәтежие береді?

Тазару емі - ең алдымен адамның аурасын тазартады. Бойында қара дуа, қарғыс, тіл-көз, теріс/жаман энергетика болса тазартады. Осындай теріс/жаман энергияның салдарынан адамның ақша потогы, өмірлік жолында кедергілер, бұғаттар болуы мүмкін. Тазарған соң мұндай бұғаттар жойылады, әрине энергетикалық тұрғыда. Тазару әр адамға әр түрлі әсер береді. Емнен кейін бір кісінің тоқтап тұрған сауда ұшуы мүмкін, ал бірінің жеке өмірі, отбасы реттеле бастауы, бір кісінің ұйқысы реттеліп, жұмысы тұрақталуы мүмкін. Іңкәр ханым Жаратушы емес, ол кісі өзінің емшілігі арқылы адамның аурасын тазартады. 

 

Тазару емінен кейін не істеу керек?

Әлбетте, ең алдымен тазарған адам өзінің вибрациялық деңгейін көтеріп, біздің берген қосымша тегін сабақтарды өтіп, өзіне күніне бес-он минут бөліп, энергиясын көтеруі керек. Мен тазардым, бәрі болды деуге болмайды. Сіз моншаға түсіп, жақсылап жуынғаннан кейін таза жүруге тырысасыз ғой? Мондадан шығып, балшыққа аунап, кір киімдерді кисеңіз, оның несі тазалық? Сол сияқты энергетикалық тұрғыда адам өзін күтуі қажет. Емнен өткендерге біздің берер сабақтарымыз ойын санасын реттеуге, өзін артқа тартатын, төменге түсіріп жібретін қателіктерді жасамауға үйретеді. 

 

Адам тазару емінен қаншалықты жиі өте алады?

Қалыпты жағдайда жылына бір рет өтсе жетеді. Егер Сіздің жұмысыңыз, жиі араласатын ортаңыз негативті болса, жарты жылда немес үш айда бір рет өтіп тұруға болады. 

 

Тазарған соң, адамға дуа жасалған болса, оның бәрі дуаны жасаған адамға қайта ма?

Дуа өте күшті теріс/жаман энергия. Адам аурасы тазарған соң, сол дуаны кім жасалы және кім жасатты, ең алдымен сол адамдардың өздеріне қайтады. Ол бір ауда немесе үш айда соны жасаған адамның өзінен байқалуы мүмкін. Ал егер дуакеш адам үш немесе одан көп дуа жасаған болса, ол адамға бумеранг қатты тиюі мүмкін. Сондықтан да, дуакештер міндетті түрде өз жасаған зұлымдығы үшін ерте ме кеш пе жауабын алады. 

 

Дуадан, қарғыстан құтылу, арылу, тазалану қиын ба?

Дуа, қарғыс, тіл-көз дегеннің бәрі ең біріншіден негативті энергия екенін ұмытпау керек. Оны тек табиғатынан емшілік, көріпкелдік қасиеті бар адамдар ғана көре алады. Адам ең біріншіден мұның барлығы аураны тазарту екенін түсінуі және өзі көңілі қалаған, сенім артқан емшісінен ем алғаны дұрыс. Қазір интернетте түрлі емшілерді көріп жүрсіздер. Менің емімнен өтсең өмірің өзгереді, байлыққа кенелесің деп түрлі уәде береді. Негізі, емші тек адамның биоэнергиясын тазартады, аурасын лас энергиядан емдейді. Ал адамның өмірінде не болады, қандай олжаға кенелесіз, оның барлығын бір Жаратқан ғана беретінін түсіну керек. Сондықтан да, егер емші өзін Жаратушы сезініп, Сізге материалдық дүниелерді уәде етсе, бұл ойланарлық нәрсе емес пе? 

 

Аураны кім тазарта алады?

Әлбетте, ең бірінші өз аурасы мықты, басына қасиет қонған адамдар ғана өзгелердің биоөрісіне әсер ете алады. Онымен қатар, адам аурасын тазартатын емші өз ешқашан арақ-шарап, темекі деген зиянды дүниелерден аулақ болуы керек. Өйткені, зиянды әдеттерге үйір адамның өз аурасы таза болмайды. Ал өз аурасы таза емес адам кімді тазартпақ? мысалы, арақ-шарап, басқа да зиянды дүниелерге құмар адамның бойында негатив көп болады. Ал оның емін алған адам одан таза энергия алады ма? Әрине жоқ! Сол себепті, зиянды әдеттері бар, шылым, ішімдікке үйір емшіден ем аларда ойланған абзал.